Өшпес даңқ
1 мин оқу 100

Әлия Молдағұлова туралы мюзикл көрерменге жол тартады

<p style="text-align: justify;">Мерген қыздың 100 жылдығына орай, оның өмірі алғаш рет музыкалық пьеса болып өріледі. Бұл туралы Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p> <p>&nbsp;</p>

Әлия Молдағұлова туралы мюзикл көрерменге жол тартады

Әлия Молдағұлованың жарқын бейнесі жан-жақты жеткізілетін мюзиклде ерекше образдың бірі – «Ажал» кейіпкері батырдың тағдырымен бетпе-бет келіп, оның рухын сынау арқылы көрсетіледі. Тарихи биографиялық көріністе қаршадай қыздың қайсарлығы, Отанға махаббаты драмалық тартыстармен беріліп, әсерлі диалог тәсілдерімен жеткізіледі.

Жаңа мюзиклдің қоюшы режиссері – Есләм Нұртазин. Әлияның рөлін Ажар Жәрденбекқызы және Фатима Бердібекова сомдайды.

Мюзикл көрерменге 7 мамырда жол тартады.

Бөлісу:
Әлия Молдағұлова туралы мюзикл көрерменге жол тартады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар