Аймақтар
1 мин оқу 72

Қызылордада кене шаққан 23 адам көмекке жүгінген

<p style="text-align: justify;">Жылынған күн көзімен бірге улы жәндіктер де оянып, айналаға қауіп төндіре бастайды. Мысалы, Қызылордада көктем мен жазда кене шағуынан болатын Конго-Қырым қызбасы өрши түседі, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

Қызылордада кене шаққан 23 адам көмекке жүгінген

Мамандардың айтуынша, қазір санитарлық жұмыстар кестеге қойылған. Облыстық санитарлық – эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Гүлмира Сыздықованың айтуынша, былтыр облыста 115 елді мекен қолайсыз деп танылса, биыл олардың саны – 111 болып тұр. Жыл сайын қаржы бөлініп, осындай елді мекендерде кенеге қарсы өңдеу шаралары екі кезеңде жүзеге асырылады. Биыл ол 9 сәуірден басталмақ. Алғашқы болып Шиелі, Жаңақорған аудандарында жүргізіледі.

Өткен жылы Конго-Қы­рым геморрагиялық қызбасы бойынша эпидемиологиялық ахуал қолайсыз саналыпты. Ауруға күдікті 18 жағдай тіркеліп, оның 9-ы клиникалық, эпидемиологиялық және зертханалық жолмен расталған.

Ал биылғы екі айда 23 адамды кене шағып, олар медициналық көмекке жүгінген.

Бөлісу:
Қызылордада кене шаққан 23 адам көмекке жүгінген · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар