Ұлттық спорт
2 мин оқу 90

Деревянко демеушілік еткен көкпар

<p style="text-align: justify;">Оңтүстік жұртының кейбірі &laquo;ұлты орыс азамат көкпар берді&raquo; деп бұл ойыннан &laquo;сенсация&raquo; жасап жатыр. Екінші жақ &laquo;осы елдің азаматы емес пе, ұлттық спортты қолдағаны жөн&raquo; екенін айтып, ел бірлігінің көрінісі ретінде қабылдап отыр. Иә, біз жеткізгелі отырған, Төлеби ауданына қарасты Екпінді ауылында өткен көкпарға жеке кәсіпкер Виктор Деревянко демеушілік көрсетті.</p>

Деревянко демеушілік еткен көкпар

Қазақстан халқы Ас­сам­блея­сының 30 жыл­ды­ғына орай өткізілген қазақтың ұлттық ойыны көкпардың жалпы жүлде қоры – 4,5 млн теңге. Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық ке­лісім» КММ-нің қолдауымен ұйым­дастырылған іс-шараға еліміз­дің бірқатар өңірі мен Германия, Ресей, Қытайдан келген қонақтар, сондай-ақ облыстың барлық аудан, қалаларынан атбегілер мен шабандоздар, ардагер спортшылар, жер­гілікті тұрғындар қатысты. Көк­парда ас беріліп, киіз үйлер тігіліп, патриоттық әндер шыр­қалды.

Шардара ауданының тумасы,­ ұлттық спорттың жанашыры, жеке кәсіпкер Виктор Деревянко еліміздің тұтастығы мен бірлігін, татулығы мен тыныштығын ны­ғайту әрбір аза­маттың міндеті екенін атап өтті. «Биыл қоғамдағы достық пен бір­лікті нығайтуға өлшеусіз үлес қосып отырған Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы кең көлемде аталып өтіліп жатыр. Ме­рейлі жылға орай осы елдің азаматы ретінде өз үлесімді қосайын деген ниетпен көкпар өткізуді мақсат еттім. Көкпар – қазақтың төл спорты әрі рухы мықты жігіттердің ойы­ны. Пырақтың үстінде өскен азамат елшіл, ха­лықшыл келеді деп ойлаймын. Сондықтан да, бұл ұлттық спортты насихаттауды алдағы уақытта да жалғастырмақ ниеттемін», деді Виктор Деревянко.

Спорт сайысының қорытын­дысында үздік шабандоздар қаржылай сыйлықтармен марапатталды. Бұл орайда, келес­тік Ғалымжан Мырзабаев пен қазығұрттық Бәйдібек Сабыров үздік атанып, оларға 500 мың теңге сыйақы табысталды. Басқа да шабандоздарға қомақты сый­лықтар берілді. Дүбірлі дода соңында қариялар жастарға бата беріп, еліміздің ырыс-несібесі молайып, халқымыздың береке-бірлігі арта берсін деген ізгі тілектерін жеткізді.

Түркістан облысы 

Бөлісу:
Деревянко демеушілік еткен көкпар · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар