Тазалық акциясы басталды

<p style="text-align: justify;">Абай облысында &laquo;Таза Қазақстан&raquo; жалпыұлттық эко&shy;логиялық акциясы аясында тазалық айлығы басталды. &shy;Іс-шараларға мемлекеттік, білім мекемелері, шағын және орта бизнес нысандарының өкілдері, қоғамдық, жастар ұйымдары, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, барша тұрғын белсенді атсалысып жатыр.</p>

Тазалық акциясы басталды

Семей қаласында өткен тазалық шараларына облыс әкімі Берік Уәли қатысты. Аймақ басшысы 4 сәуірде облыс тұрғындарына арнайы үндеу жолдап, жалпы­өңірлік тазалық акциясы бастал­ғанын жария етті. Өңірдің бар­лық қала, аудандарында, елді мекендерінде жаппай сенбілік ұйымдастырылды. Тұрғындар аумақтарды күл-қоқыстан тазартып, көше, алаң, аулаларды ретке келтірді.

Семейдегі сенбілікке 20 мың­нан астам адам қатысып, 1000 текше метрден астам қоқыс поли­гонға шығарылды. Мақаншы ауданында да ауқымды сен­білік ұйымдастырылды. Оған 3 мың адам қатысып, 2 мың­ға жуық ағаш көшеті отыр­ғызыл­ды. Бесқарағай ауда­нындағы тазалық шарасына 300-ге жуық тұрғын қатысып, ауыл көшелері тазартылды, 1 мыңға жуық көшет отыр­ғызылды. Көкпекті ауданындағы тазалық акциясына 1 мыңға жуық адам, 30 арнайы техника тартылып, 20 тоннадай қоқыс шыға­рылды. Абай ауданының Қа­рауыл ауы­лында 300-ден астам мекеме қызметкерлерінің қаты­суымен жаппай сенбілік өтті, 15 тонна қоқыс шығарылды. Кур­ча­товтағы жалпықалалық сен­бі­лікте тұрғындар жаяу жүр­гін­шілер жолдарын сыпырып, көгалдарды тазартты. 1 000 қап­тан астам қоқыс сыртқа шы­ға­­рылды. Аягөз қаласының тұр­ғындары да белсенділік танытты. Сенбілікке 3 мыңнан астам адам қатысып, қаланың орталық көшелері, саябақтары, аулалары мен қоғамдық орындарын күл-қоқыстан тазартты.

Тазалық акциясы жыл бойы жалғасады. Әкімнің үндеуінде айтылғандай, акция барысында арнайы байқау жарияланып, «үздік аудан», «үздік ауыл», «үз­дік аула», «үз­дік универ­ситет», «үздік колледж», «үздік мектеп», «үздік бала­­бақ­­­ша», «үздік көше», «үздік мекеме», тағы басқа аталымдар бойынша тазалық жана­шыр­лары анық­талады. Жыл соңында жеңім­паздарға қомақты сыйлықтар табысталады.

Абай облысы 

Бөлісу:
Тазалық акциясы басталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар