Қоғам
1 мин оқу 70

Үкімет ҚҚС шегін 40 миллион теңгеге дейін төмендетуді ұсынды

<p style="text-align: justify;">Үкімет депутаттардың қосымша құн салығы бойынша тіркеу шегін арттыру туралы ұсынысын қабылдады. Жаңа Салық кодексінің жобасында қосымша құн салығының шегі 40 миллион теңгені құрайды. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында Премьер-Министрдің орынбасары &ndash; Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Үкімет ҚҚС шегін 40 миллион теңгеге дейін төмендетуді ұсынды

«Қосылған құн салығы 16% болады, бұл салық бойынша шек 40 млн теңге мөлшерінде белгіленеді. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік, кітап басып шығару, археология – қосылған құн салығын төлеуден босатылады. Сонымен қатар, әлеуметтік салада, денсаулық сақтау саласында Үкімет салықтан босатылған дәрі-дәрмектердің әлеуметтік тізімін айқындайтын болады. Құн салығы тек ақылы медициналық қызметтерге салынады,  мөлшерлемесі 10% болады», деді Серік Жұманғарин.

Министрдің хабарлауынша, әлеуметтік саладағы корпоративті табыс салығы кезең-кезеңімен өседі – 2026 жылдан бастап 5%-ға және 2027 жылдан бастап 10%-ға.

«Арнаулы салық режимінде тыйым салынатын емес, рұқсат етілмейтін тізім енгізіледі. Тыйым салынбағанның барлығына рұқсат беріледі. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін «минус 70%» жеңілдік ставкасы күшінде қалады. Өңдеу өнеркәсібі үшін корпоративті табыс салығы мөлшерлемесі 20% күйінде қалады. Банк операциялары бойынша да қосымша құн салығы алынатын болады. Бәсекелестікті қорғау агенттігі Үкіметпен бірлесіп, бағаның өсуіне жол бермеу үшін қолданыстағы тарифтердің негізділігіне талдау жүргізеді», деді министр.

Бөлісу:
Үкімет ҚҚС шегін 40 миллион теңгеге дейін төмендетуді ұсынды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар