Ауа райы
1 мин оқу 213

Қазақстанда толассыз жаңбыр жауып, үсік жүреді

<p style="text-align: justify;">Синоптиктер Қазақстанда 10, 11 және 12 сәуірде ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қазақстанда толассыз жаңбыр жауып, үсік жүреді

Еліміздің батыс, солтүстік және оңтүстік таулы аймақтарында жаңбыр, найзағай, кей жерлерде тіпті ылғалды қар жауады. Әсіресе, 11 сәуірде батыста және солтүстік-батыста, 12 сәуірде түнде Қостанай облысында қатты жаңбыр жауады деп болжанды.

Бұл ретте елдің шығысы антициклонның ықпалында болады және онда негізінен құрғақ және тұрақты ауа райы сақталады.

Сондай-ақ синоптиктер батыс аймақтарда жел күшейетінін ескертіп, еліміздің басым бөлігінде тұман түсуі мүмкін екендігін болжады. 

Түнде республиканың батысында ауа температурасы 2-7 градустан 0-5 градусқа дейін төмендейді, облыстың батысы мен солтүстігінде 3 градусқа дейін үсік жүреді.

Солтүстік-батыста түнде ауа температурасының 3-8 градустан 2 градусқа дейін төмендеуі күтіледі.

Солтүстікте, орталықта түнде ауа температурасы 2-7 градустан 7-12 градусқа дейін көтеріледі.

Шығыста түнде ауа температурасы 3 градустан 5 градусқа дейін нөлден 3-8 градусқа дейін көтеріледі.

Оңтүстік-шығыста түнде 5-10 градустан 7-12 градусқа дейін көтеріледі деп күтіледі.

Оңтүстікте ауа температурасы түнде 10-15 градустан 15-20 градусқа дейін көтеріледі.

Бөлісу:
Қазақстанда толассыз жаңбыр жауып, үсік жүреді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар