Жаңа Салық кодексіне «Сән-салтанат салығы» қосылады
<p style="text-align: justify;">Жаңа Салық кодексі қолданысқа енгізілгеннен кейін Қазақстанда «сән-салтанат салығы» пайда болады. Оны қымбат жылжымайтын мүлік, көлік, теңіз кемелері мен ұшақтардың, сондай-ақ қымбат алкогольдік сусындар мен сигаралардың иелері төлейді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Біз тауарлардың жекелеген санаттарына «сән-салтанат салығы» деп аталатын жоғары салық салуды ұсынамыз. Ол үшін жылжымайтын мүлік құны 450 млн теңгеден асатын болса, мүлік салығының мөлшерлемесін ұлғайту ұсынылады.
Сондай-ақ құны 75 млн теңгеден асатын жеңіл авто көліктерге, сондай-ақ қымбат теңіз кемелері мен ұшу аппараттарына акциздер енгізу жоспарлануда», деді Мәжілістің жалпы отырысында жаңа Салық кодексінің жобасын бірінші оқылымда талқылау кезінде Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин.
Сондай-ақ әділдік үшін қымбат алкогольдік сусындар мен сигараларға 10% акциздер ұсынылады.