Мереке
1 мин оқу 50

Наурыз мерекесі Вашингтонда тойланды

<p style="text-align: justify;">Сан ғасырдан бері келе жатқан Наурыз мерекесі қазіргідей гүлденген заманда әлемдегі алпауыт елдердің астаналарында да тойланып жатқаны сүйсіндіреді.</p>

Наурыз мерекесі Вашингтонда тойланды

Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы елшілігі Түркия, Өзбекстан, Әзер­бай­жан, Қырғызстан, Түрікменстан елшіліктерімен бірлесе отырып, Вашингтон қаласында Наурыз мере­­кесіне арналған ортақ іс-шара ұйым­дастырды. Аталған іс-шара аясында қала тұрғындарына аталған елдер­дің ұлттық музыкасы мен би өнері ұсынылды. Вашингтонда қазақ­тың «Гүлдер» тобы «Аққу», «Мей­рам» билерін, сонымен бірге ұлты­мыз­дың шашу, тұсаукесер рәсім­де­рін де іс-шараға қатысушыларға көрсетті.

Салты мен дәстүрі бір түркі жұртының ортақ мейрамы ретінде тойланған бұл іс-шара алыстағы Америка жұртшылығының түркі халықтары салт-дәстүрін түсінуіне, сол арқылы Орталық Азиядағы туысқан елдердің ынтымағы мен бірлігін сезінуіне түрткі болды.

Бөлісу: