Оқиға
1 мин оқу 50
Екібастұзда қомақты сомадағы мүлікті иемденгендер ұсталды
<p style="text-align: justify;">Аталған қалада күзет ұйымы директорына қарақшылық шабуыл қылған күдіктелер ұсталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Күдіктілерді Павлодар облысының жедел қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде анықтап, ұстаған.
Polisia.kz сайтының хабарлауынша пәтерге заңсыз кіріп, жалпы сомасы 11 млн теңгеден астам мүлікті иемденген күдіктілерден заттай айғақтар алынды.
«Бірқатар сараптамалар тағайындалды. Күдіктілер УҚИ-ге қамалды. Қылмыстық істі тергеу жалғасып жатыр», деді Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Ғ.Қабдрахманов.
Бөлісу: