Аймақтар
1 мин оқу 190

«Сәтбаев сакурасы» қайта жаңғыртылды

Ғылым қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара аясында Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясының ішкі ауласында «Сәтбаев сакурасы» қайта жаңғыртылып, екі сакура ағашы отырғызылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Сәтбаев сакурасы» қайта жаңғыртылды

«Сәтбаев сакурасының» тарихы әріден басталады. Тұңғыш кәсіби инженер-геолог, ғылым докторы, КСРО Ғылым академиясының алғашқы академигі, Қазақ КСР Ғылым академиясының негізін қалап, оны басқарған ірі тұлға Қаныш Сәтбаевтың құрметіне кезінде академияның жанына егілген сакуралар әлі де гүлдеп тұр.

Осы дәстүрлі шараны жалғастырған ғалымдар Ұлттық ғылым академиясының ішкі ауласында ерекше символдық мәнге ие болып тұрған «Сәтбаев сакураларын» жаңғыртып, ел ғылымының дамуына үлес қосқан тұлғалар рухына тағзым етті.

Салтанатты шараға академиктер, депутаттар, жапондық делегация мүшелері, ғылыми қоғамдастық белсенділері, демеуші кәсіпкерлер қатысты.

Бөлісу:
«Сәтбаев сакурасы» қайта жаңғыртылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар