ChatGPT маманды алмастыра ала ма – əлеуметтанушының пікірі
<p style="text-align: justify;"><span style="text-align: justify;">«Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ басқармасының төрағасы Нұрбек Мəтжани Орталық коммуникациялар қызметінің подкастында ChatGPT пайдалану мəселесіне қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды </span><a style="text-align: justify;" href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a><span style="text-align: justify;">.</span></p>

Оның айтуынша, жасанды интеллекті адамдардың жұмысын жеңілдетеді, бірақ аналитика, болжам жасауға келген кезде адамды алмастыра алмайды.
«Жалпы əлем негізі техно-оптимистер жəне техно-пессимистер деп бөлінеді. Əсіресе, технологияға келген кезде. Техно-пессимистер ол əлемді жасанды интеллект, технологиялар жаулап алады, адамдар жұмыссыз қалады, жаппай жұмыссыздық болады деген бір сарында пікір білдіреді. Техно-оптимистер керісінше, бəрі жақсы болады, керісінше бізге жаңа мүмкіндіктер ашылады, жұмысымыз жеңілдейді деген басқаша пікір білдіреді», деді Нұрбек Мəтжани.
Оның пікірінше, жасанды интеллект пен адамның когнитивті мүмкіндіктері, оның пайым-парасаты қатар жүрген кезде, адамзаттың өмірі əлдеқайда жақсара түспек.
«Біздің артықшылығымыз – біздің интервьюерлер əр өңірге барады, екі адамның арасында бəрібір байланыс орнайды. Сол тұрғысынан социологиялық зерттеулер кезінде face to face əдісін жасанды интеллект алмастыра алмайды деп ойламын», деді ол.