Аймақтар
1 мин оқу 0
Атбасарда Mercedes жүргізушісі төрт жаяу жүргіншіні қағып кетті
<p style="text-align: justify;">Кеше Атбасарда Mercedes көлігінің жүргізушісі төрт жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы салдарынан түрлі жарақат алған төрт жаяу жүргінші медициналық мекемеге жеткізілді.
Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, жол апаты 1-шағын ауданда болған, зардап шеккендердің екеуі – кәмелетке толмаған.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Бөлісу: