Қоғам
1 мин оқу 0

Еліміздегі орташа зейнетақы мөлшері белгілі болды

<p style="text-align: justify;">Елімізде жыл басынан бері республикалық бюджеттен 1 трлн 44,3 млрд теңгеге зейнетақы төленген. Оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге &ndash; 337,6 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге &ndash; 706,7 млрд теңге жұмсалған, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Еліміздегі орташа зейнетақы мөлшері белгілі болды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 465 мың адамды құраған.

«2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 143 622 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 95 963 теңге, базалық зейнетақы – 47 659 теңге болды», делінген хабарламада.

Бұған дейін, 2025 жылғы 1 қаңтарда базалық зейнетақы төлемінің мөлшері ҚР Ұлттық Банкі айқындайтын инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес 6,5%-ға, ынтымақты зейнетақы 8,5%-ға, яғни инфляция деңгейінен 2% - ға оза отырып ұлғайтылған.

Бұдан басқа Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылдан бастап бес жыл ішінде ең төмен базалық зейнетақыны ең төмен күнкөріс деңгейінің 70%-на дейін, ең жоғары – 120%-ға дейін жыл сайын кезең-кезеңімен арттыру жүзеге асырылады.

Бөлісу:
Еліміздегі орташа зейнетақы мөлшері белгілі болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар