Төтенше жағдай
1 мин оқу 0

Елдің оңтүстігінде жер сілкінісі тіркелді

<p style="text-align: justify;">13 сәуір күні сағат 09:23-те (Астана уақытымен) Төтенше жағдайлар министрлігінің &laquo;Сейсмология ұлттық ғылыми-зерттеу орталығы&raquo; сейсмикалық станциялар желісі Тәжікстан аумағында жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Елдің оңтүстігінде жер сілкінісі тіркелді

Жерасты дүмпуінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 673 шақырым қашықтықта орналасқан.

Жер сілкінісінің әсері Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде – Түркістан, Жамбыл және Шымкент қалаларында байқалды. Қаттылығы 2-3 балл шамасында болған. Мырзакент, Жетісай, Сарыағаш, Шардара, Шымкент, Тараз, Арыс, Абай, Ленгер, Сайрам, Манкент секілді елді мекендерде 3 баллға дейінгі дүмпу сезілген. Түркістан, Кентау, Шу, Мойынқұм, Жаңақорған және басқа бірнеше елді мекендерде 2 баллдық тербеліс байқалды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы ақпарат түскен жоқ.

Бөлісу:
Елдің оңтүстігінде жер сілкінісі тіркелді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар