Аймақтар
1 мин оқу 0

Қызылордада 22 ата-ана жауапкершілікке тартылды

<p style="text-align: justify;">Облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше &laquo;Жасөспірім&raquo; жедел профилактикалық іс-шарасының 2 күнінде 124 түрлі әкімшілік хаттама рәсімделіп, 4 жасөспірім ішкі істер органдарының есебіне алынған. Панасыз қалған 2 жасөспірім кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына жеткізіліпті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қызылордада 22 ата-ана жауапкершілікке тартылды

Әкімшілік кодекстің 127-бабымен балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін 22 ата-анаға хаттама толтырылған. Кодекстің 132 және 423-1-баптары бойынша бір-бірден құқық бұзушылық анықталды. Кәмелетке толмаған 5 баланың бұзақылық жасағаны белгілі болып, олардың заңды өкілдері жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ, түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде сайрандап жүрген 90 кәмелетке толмаған бала  анықталған. Бала тәрбиесіне салғырт қарағаны үшін 8 ата-ана кәмелетке толмағандардың ата-аналары мен заңды өкілдерінің профилактикалық есебіне  алынған.

Бөлісу:
Қызылордада 22 ата-ана жауапкершілікке тартылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар