Алан Құрманғалиев халықаралық турнирде топ жарды
<p style="text-align: justify;">Қазақстандық жас спортшы Алан Құрманғалиев үстел теннисінен Францияның Мец қаласында өткен халықаралық WTT Youth Star Contender Metz турнирінде топ жарды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ол 19 жасқа дейінгі санатта сынға түсіп, алтын медаль иеленді. Құрманғалиев турнир барысында әлемнің әр түкпірінен келген мықты қарсыластарын сенімді түрде жеңіп шықты.
Қазақстандық теннисші ағылшын Коннор Гринді және пуэрторикалық Энрике Риосты 3:0 есебімен жеңді. Одан кейін оңтүстік кореялық Ма Ён Мин (3:1) мен француз Флавио Мурьен (3:2) де Аланның қарқынына төтеп бере алмады. Жартылай финал мен финалда ол кореялық Ли Сын Суды, румын Юлиан Чиритуды және тайбэйлік Ян Хао-Дженді 3:1 есебімен ұтып, чемпион атанды.