Табиғат
1 мин оқу 0
Орталық Азия барысы қайтадан фототұзаққа түсті
<p style="text-align: justify;">Ерекше оқиға – Үстірт мемлекеттік табиғи қорығында болған, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Орталық Азия барысын қорғауға және зерттеуге бағытталған халықаралық жоба аясында орнатылған фототұзақ – 2024 жылдың 29 қазанынан 21 желтоқсанына дейін өзгеше жануарды 4 рет тіркеген.
Фототұзақ объективіне осы жолы 5-інші рет түсіп қалған Орталық Азия барысы тұрғысында Үстірт қорығы маңызды рөл атқаратыны тағы айғақталып отыр. Яғни, аталған парк – жойылып бара жатқан түрдің табиғи ортасы іспетті.
Бақылау жұмыстары қоршаған ортаны қорғауға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында жалғасып жатыр.
Бөлісу: