Аймақтар
1 мин оқу 0

Ақтөбе облысында 166 дәрігер жетіспейді

<p style="text-align: justify;">Ақтөбе қаласында 110,&nbsp; ал елді мекендерде 56 дәрігерлік орын бос тұр. Былтыр ауылдарға жіберілген 15 маманға 3&nbsp; млн теңге, 25 маманға 8,5 млн теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілді. &nbsp;Бұл жөнінде&nbsp; облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен жиында &nbsp;денсаулық сақтау&nbsp; басқармасының басшысы Ерлан Сұлтангереев баяндады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Ақтөбе облысында  166 дәрігер жетіспейді

Қазіргі кезде өңірде  мемлекеттік 38 емдеу мекемесі  тіркелсе, биыл  761 мыңнан астам тұрғын медициналық сақтандыру арқылы дәрігерлік көмек алады. Жыл басында науқастарды тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге   республикалық бюджеттен 9,2 млрд теңге, жергілікті бюджеттен  549 млн теңге бөлінді. Жағымды жаңалық –осы жылы  пайдалануға берілетін 23 медициналық нысанның 15-і жаңадан салынып жатса,  8 нысанға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Өңір басшысы облыс орталығындағы күрделі жөндеуге келмейтін, әбден тозған ғимараттарда отырған  медицина мекемелерінің орындарын  ауыстыруды  қолға алуды тапсырды.

Бөлісу:
Ақтөбе облысында 166 дәрігер жетіспейді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар