Мәдениет
1 мин оқу 0

ЖИ жасаған мультфильм көрерменге жол тартты

<p style="text-align: justify;">&laquo;Turkistan&raquo; телеарнасы жасанды интеллект арқылы дайындаған алғашқы анимациялық туынды &laquo;Түркістан сақшылары&raquo; деп аталады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

ЖИ жасаған мультфильм көрерменге жол тартты

Идея авторы – телеарна қызметкері Ғасыр Құралбайұлы. Жасанды интеллектпен жұмыс істеуді жетік меңгерген маман мультфильмнің бірінші сериясын 7 күнде жасап шыққан. Бірінші серияға бар болғаны 70 мың теңге қаржы жұмсалған. Ғасырдың айтуынша, жасанды интеллект бағдарламасының ақылы нұсқасына жазылуға – 100 АҚШ доллары, анимациялық фильмнің саундтрегін жаздыруға 20 мың теңге жұмсалған. Сондай-ақ ол мультфильмнің келесі сериялары дайындалып жатқанын, болашақта кинотеатрларда көрсетілетін толыққанды коммерциялық мультфильм түсіруді жоспарлап жүргенін айтты.

Фильм кейіпкерлері – Ақпантер жылдам әрі батыл барыс, Алтынқанат – бәрін байқағыш бүркіт, Тасбатыр ата – ғасыр жасаған ақылгөй тасбақа. Туынды сюжеті қасиетті қала Түркістанды қауіп-қатерден қорғап, балаларды адамгершілікке, мәдениеттілікке тәрбиелейтін мифологиялық кейіпкерлердің әрекеттерінен құралған.

Бөлісу:
ЖИ жасаған мультфильм көрерменге жол тартты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар