Өнер
1 мин оқу 1

Опера театры – Ақтөбеде

<p style="text-align: justify;">Жұмысшы мамандықтары жылы аясында &laquo;Астана опера&raquo; театры гастрольдік сапар&shy;мен Ақтөбе және Хромтау қала&shy;ларына &shy;барып қайтты.</p>

Опера театры – Ақтөбеде

Өнер жұлдыздары Ақтөбе ферроқорытпа зауытына барып, өндіріспен танысып, жұмысшылармен бірге ән шырқады. Гала-опера Мұқан Төлебаевтың «Біржан – Сара» операсындағы айтыс сахнасымен ашылып, көрерменді тәнті етті. Тұрғындар елімізге белгілі, сонымен қатар шетелдік композиторлардың шығармаларымен танысты. Ал Сергей Прокофьевтің «Петя мен Қасқыр» симфониялық ертегісін жас көрермен тамашалады. «Астана опера» театры­ның әртістері енді Рудный мен Павло­дар қаласында өнер көрсетеді.

«Орындайтын бағдарламамыз келген тыңдаушы қауымға өте жеңіл болады деп ойлаймын. Өйткені кеңінен танымал музыка. Бірақ орындау­шы­лар үшін әжептәуір күрделі іс-ша­ра. Абай, Брусиловский, Мұ­ха­меджанов, Ғазиза Жұбанова және Бах, Вивальди, Россини, Верди се­кіл­­ді композиторлардың музыкасы орын­­далады, флейта мен скрипка аспа­бына жазылған шығарма­лар ұсы­ны­­лады», дейді театр дирижері Абзал Мұхитдин.

Бөлісу:
Опера театры – Ақтөбеде · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар