Көрме
1 мин оқу 0

Сағыныш түсі

<p style="text-align: justify;">Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейінде белгілі қолөнер шебері, суретші Тұрбай Мұратбектің &laquo;Сағыныштың түсі&raquo; атты жеке көрмесі ашылды. Экспозицияда &shy;40-тан астам инемен кестеленген жұмыс ұсынылды.</p>

Сағыныш түсі

Суретші туындының құры­лымы мен түстік түзілімін түрлі түс­ті жіптер арқылы ойнатып, кескіндемелік жолақтар мен кескіндерді аса дәлдікпен кес­те арқылы көрсетеді. Жалпы, суретшінің көрмеге қойылған жұмыстарынан – түстің қанық­тығы, құрылымның нақ­ты­лығы байқалады. Автор туын­ды­ла­рының тағы бір ерекшелігі – дәстүрлі ою-өрнектерді шебер қолдануы.

Көркемөнердің ішінде бала­лық шаққа арналған тақы­рыптар да бар. Ол өз еңбектерінде ауыл­дың бейқам өмірін, бала көңілдің таза­лығын, жан дүниенің тыныш­тығы мен сағыныш лебін көркем шебер­лікпен жеткізген.

Көрме 4 мамырға дейін жалғасады.

Бөлісу:
Сағыныш түсі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар