Тағайындау
1 мин оқу 0

Астанада жаңа аудан әкімі тағайындалды

<p class="align-left formatted-body__paragraph" style="text-align: justify;">Астанадағы Сарыарқа ауданының әкімі болып Жанасыл Шаукентаев тағайындалды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;елорда әкімдігіне сілтеме жасап.</p>

Астанада жаңа аудан әкімі тағайындалды

«Астанада Президент әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша меритократия қағидатына сәйкес Сарыарқа ауданының әкімі тағайындалды. Бұл лауазымға «Астана қаласы әкімінің аппараты» ММ басшысының экс-орынбасары Жанасыл Шаукентаев кірісті», делінген әкімдіктің Telegram-дағы арнасында жарияланған хабарламада.

Жанасыл Шаукентаев 2014 жылдың қараша айынан бастап Астана қаласының әкімдігінде түрлі лауазымдарды атқарған: қаланың Жер қатынастары басқармасы, қала әкімінің аппараты, қаланың мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы және т.б.

Кейінгі жылдары «Астана қаласы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы, «Астана қаласы әкімінің аппараты» ММ басшысының орынбасары болған.

Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында Астана әкімі Жеңіс Қасымбек аудан мен елді мекендерді дамыту бойынша бірқатар міндет жүктеген.

Бөлісу:
Астанада жаңа аудан әкімі тағайындалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар