Ауа райы
1 мин оқу 0

Қазақстанның бірнеше өңірінде 19 сәуірде қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін

<p style="text-align: justify;">Сенбі, 19 сәуір күні Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлерінде күн суытады, кей жерлерде қар аралас жаңбыр мен сәл ғана жауын жауады. Елдің қалған аумағында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қазақстанның бірнеше өңірінде 19 сәуірде қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін

Елдің солтүстігінде тәулік ішінде ауа температурасы −6…+6 °С аралығында болады. Қостанай облысында +19 градусқа дейін жылы болады.

Орталық аймақтарда термометр бағаны −4…+17 °С аралығында тербеледі.

Оңтүстікте ауа температурасы +5…+22 °С шамасында сақталады.

Шығыс өңірлерде −6…+3 °С аралығында суық болады.

Батыс Қазақстанда +8…+25 °С аралығында жылы ауа райы күтіледі.

Астанада көшпелі бұлт жүреді, түнде қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін, күндіз жауын-шашынсыз. Қалада ауа температурасы тәулік бойы +3…+21 °С болады.

Бөлісу:
Қазақстанның бірнеше өңірінде 19 сәуірде қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар