Елорда
1 мин оқу 0
Астанадағы караоке-барлардың бірінде жаппай төбелес болды
<p style="text-align: justify;">Астанадағы караоке-барлардың бірінде жаппай төбелес болып, оқиға видеоға түсіп қалған. Төбелестің бейнежазбасы әлеуметтік желілерде тарады. Бұл жағдайға қатысты Астана қалалық ПД түсініктеме берді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Полицияның хабарлауынша, төбелеске қатысқан тұлғалар анықталып, ұсталды.
- Қазіргі таңда бұзақылық мақсатында денсаулыққа қасақана орташа зиян келтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, - делінген ПД хабарламасында.
Сонымен қатар, тергеу шаралары жүргізіліп, қажетті сараптамалар тағайындалды. Істің барысы Алматы ауданы Полиция басқармасының бақылауында.
Бөлісу: