Қоғам
2 мин оқу 50

Әулиеатадағы кітап фестивалі

<p style="text-align: justify;">Ұлттық кітап күні ме&shy;рекесіне орай Тараз қа&shy;ласында &laquo;Кітап &ndash; ұлт&shy;&shy;тық құндылық&raquo; ат&shy;ты республикалық кі&shy;тап фестивалі ұйым&shy;дас&shy;ты&shy;рылды. Өңір басшысы Ербол Қарашөкеевтің &laquo;Әу&shy;лиеата &ndash; кітап оқи&shy;тын өңір&raquo; жобасы аясында өткізілген іс-ша&shy;раға есімі елге белгілі қалам&shy;герлер мен баспа өкілдері қатысты.</p>

Әулиеатадағы кітап фестивалі

Үшінші жыл қата­ры­нан өткізілген кітап фестиваліне өңірге іссапармен келген Пре­­­зидент кеңесшісі Мәлік Отар­­баев арнайы ат басын бұрды. Сон­дай-ақ­ «Дарын» Мемлекеттік жас­­тар сыйлығының лауреаты Ерлан Жүніс, жазушылар Ырысбек Дәбей мен Мақсат Мәлік бастаған өзге де қа­лам­герлер іс-шараның жо­­ғары деңгейде өтуіне атсалысты.

Іс-шараның ашылу салтанатында Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев, облыс әкімі­нің орынбасары Серік Сәлемов сөз сөйлеп, жаназыққа айнал­ған кітаптың негізгі рухани бай­лық көзі екенін атап өтті. Сон­дай-ақ Ұлттық кітапхана өкілі ­Нұр­бала Текесбаева да ізгі тілегін білдірді.

в

«Үшінші рет өткізілген фес­тивальдың мақсаты айқын. Біз қазақ және шетел әдебиетін насихаттауға басымдық беріп отырмыз. Мұндай ауқымды іс-шаралар жастардың кітап оқуына түрткі болатынына сеніміміз кәміл. Фестивальға «Алқа», «Арман ПВ», «Астана кітап», «Қасым», «Отбасы хрес­­­томатиясы», «Таймас», «Ата­­мұра» секілді ірі бас­па­лар және «Зият», «Кітап ал», «Букинист», «Шерхан Мұртаза» кітап дүкендері қатысып, жәр­­меңке ұйым­дастырып отыр. Сол үшінде оларға айтар ал­ғысым шексіз», дейді Шо­қан Уәлиханов атындағы облыс­тық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Эльмира Абдинова.

Тағылымы мол іс-ша­рада бірнеше жаңа кі­тап­тың таныс­тырылымы ұй­ымдастырылып, түрлі та­қырыпта тренингтер мен танымдық акциялар өткізілді. Фестиваль аясында биыл 80 жасқа толған белгілі ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қайырбек Аса­новтың «Махаббат», Ша­пағат», «Парасат» атты үш томдық жи­на­­­ғының тұсауы кесілді. Өзге де бір­неше қа­ламгердің жаңа жинақ­тары оқырманға таныс­тырылды.

ТАРАЗ 

Бөлісу:
Әулиеатадағы кітап фестивалі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар