Аймақтар
1 мин оқу 30

Вокзалдарға күрделі жөндеу жүргізіледі

<p style="text-align: justify;">Жақында елімізде әбден тозған 125 теміржол вокзалына күрделі жөндеу жұмыстары басталады. Олардың қатарында Ақтөбе облысындағы Алға, Ақтөбе, Ембі, Қандыағаш, Жем, Қарауылкелді, Шұбарқұдық вокзалдары да бар.</p>

Вокзалдарға күрделі жөндеу жүргізіледі

Бұл жөнінде Көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиев Ақтөбе об­лысының тұрғындарымен кез­­­десуінде мәлім етті. Вице-министр былтыр елімізде темір­жолдағы жолаушылар тасымалы 7%-ға өскенін, соған қарамастан пойыз вагондарының ескіруі, билет тапшылығы жойылмай келе жатқандығын да айтып өтті. Көлік министрлігі тарапынан қолданылып жатқан іс-шара – биылғы жаз маусымында қосымша 21 вагон қосылады.

«Қазіргі қолданыстағы жолау­шылар вагондарының 42%-ы­ ескірген. Жасыратыны жоқ, 30-40 жыл бұрын шыққан вагондар әлі жолда жүр. Осы олқылықты жою мақсатында кезең-кезеңімен жаңалау жұмыстары жоспарға енгізілді. «ҚТЖ» ҰК былтыр 143 вагон сатып алса, биыл 226 вагон алуды жоспарлап отыр. Астана, Петропавл қалаларында вагон құрастыру зауыты іске қосылды. Петропавл зауыты ал­ғаш­қы вагондарын осы жылдың соңында «Алматы – Саратов» по­йы­зына тіркесе, Астанадағы өндіріс келесі жылы «Алматы – Атырау», «Алматы – Ақтөбе» по­йыздарына қосады деген жоспар бар», деді С.Аблалиев.

Айта кету керек, 2030 жылға дейін елімізде жолаушылар пойызы вагондарының 80%-ы жаңаланады.

Ақтөбе облысы

Бөлісу:
Вокзалдарға күрделі жөндеу жүргізіледі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар