Қазақстанда БАҚ-қа мониторинг жүргізу ережесі бекітілді
<p style="text-align: justify;">ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі <a href="https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15515892">«Ашық НҚА»</a> порталында тиісті жобаны жариялады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. </p>

Тиісті департамент «Масс-медиа туралы» Заң аясында мониторинг жүргізудің жаңа ережелерін дайындады.
«Масс-медиа мониторингі жүргізу қағидалары, масс-медиа өнімдерін жинау және талдау процесінің тәртібін Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау тұрғысынан, сондай-ақ қоғамның дамуына зиян келтіру, жалпы адамзаттық, ұлттық, мәдени және отбасылық құндылықтарды бұзу тұрғысынан белгілейді», делінген жобада.
Айта кетейік, Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 1 сәуірдегі бұйрығымен бейбіт жиындарға қатысатын журналистің (БАҚ өкілі) қызметінің қағидалары, журналистің айырым белгілерінің нысандары бекітілген еді.