Қоғам
1 мин оқу 20

БАҚ өкілдері бас қосты

<p style="text-align: justify;">Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының қолдауымен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлт&shy;тық университеті Баспа&shy;герлік-редакторлық және ди&shy;зайнерлік өнер кафедрасының ұйымдастыруымен &laquo;Жасанды интеллект дәуірі: баспа ісі, медиа және дизайн&raquo; атты І ха&shy;лықаралық көктемгі мектеп өз жұмысын бастады.</p>

БАҚ өкілдері бас қосты

Аталған іс-шара Ұлттық кітап күніне орай ұйым­дас­тырылып отыр. Көк­темгі мектепке БАҚ өкілдері, бас­па сала­сының мамандары, жоғары оқу орын­да­рының оқытушылары, сондай-ақ Қытай, Ресей, Моңғолия, Бангладеш, Әзербайжан, Тәжікстан елдерінен келген студенттер, магис­транттар мен докторанттар қатысып жатыр.

Көктемгі мектеп барысында медиа­мәтінді редакциялау технологиялары, медиадизайндағы жаңашылдық, кітап индустриясындағы жасанды интеллектің рөлі, фактчекинг және ақпаратты верификациялау, медиаэтика мен медиасауаттылық, сондай-ақ digital журналистиканың өзекті мәселелері талқыланып отыр.

Бағдарлама аясында халықаралық ұйым өкілдерінің, танымал баспа ма­мандары мен журналистердің ­ше­берлік сыныптары өтті.

Курс соңында қатысушыларға ­арнайы сертификат ­та­быс­талады.

Ұлттық кітап күні мерекесіне орай бекітілген апталық аясында ­17 сәуір – «Сөз өнеріндегі өлкетану» күні болып белгіленген еді. Елі­міздің барлық өңірінде жергілікті авторлармен кездесулер, автограф сессиялары, өлкетану бағытындағы кітаптардың таныстырылымы ұйым­дастырылып, пікір алмасу, талқылау алаңдары өткізілді.

Соның ішінде Жезқазған қаласында Айнұр Қожахметтің «Мерей» кіта­бының тұсаукесері, Ақтөбе облысында Оразақын Асқардың 90 жылдығына орай «Кітап – бала жанының бағ­дар­шысы» атты поэзия кеші, Түр­кістан қаласында «Тарихыңды таны, тұлғаңды құрметте» тақырыбында жергілікті қаламгерлермен кездесулер өтті.

Бөлісу:
БАҚ өкілдері бас қосты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар