Қылмыс
1 мин оқу 30
Қызылордада алаяқ әйел ұсталды
<p style="text-align: justify;">Қала тұрғыны «қызыңды жұмысқа тұрғызып беремін» деген танысына 800 мың теңгесін санап берген, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қызылорда полициясына төрт ай бойына уәдесін орындамаған, не алған ақшасын қайтармаған әйелдің үстінен арыз түскен.
Полиция қызметкерлері барлық қажетті жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, нәтижесінде алаяқтық дерегімен бұрын жауапкершілікке тартылған 39 жастағы әйелді ұстады.
Қазір тергеу басталып, қамауға алынған күдіктінің басқа да оқиғаларға қатыстылығы тексеріліп жатыр.
Бөлісу: