Жеті жыл жасырынған алаяқ Сауд Арабиясында ұсталды
<p style="text-align: justify;">Сауд Арабиясында Қазақстанның өтініші бойынша алаяқтық жасады деген күдікті қолға түсті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. </p>

Сауд Арабиясы Қазақстанның сұрауы бойынша алаяқтық жасады деген күдіктіні ұстады.
Бұл туралы Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі хабарлады.
«Эр-Рияд қаласында ҚР ІІМ Интерполдың Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмысты жасады деген күдікпен (алаяқтық) халықаралық іздеуге жарияланған ер адам ұсталды», делінген хабарламада.
Белгілі болғандай, 2018 жылдың жазында Алматы қаласында күдікті Өзбекстаннан көкөніс пен жеміс-жидек әкелеміз деген желеумен қала тұрғынынан 5 миллион теңге алып, жоғалып кеткен.