Әлем
1 мин оқу 40

Ыстамбұлда қуатты жер сілкінісі тіркелді

<p style="text-align: justify;">Ыстамбұлда қуатты жер сілкінісі болды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> түркиялық БАҚ-қа сілтеме жасап.</p>

Ыстамбұлда қуатты жер сілкінісі тіркелді

Yeni Şafak хабарлауынша, 3,9 балдық жер сілкінісінен кейін Ыстамбұлдағы Силиври жағалауында 6,2 балдық екінші жер сілкінісі болды. Ол 10 секунд бойы сезілді. Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет жоқ.

Сонымен қатар, Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының (EMSC) мәліметінше, жергілікті уақыт бойынша сағат 12.49-да магнитудасы 6,2 балл болатын жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Мармара теңізінде, Силиври қаласынан оңтүстікке қарай 26 шақырым жерде орналасқан.

Кейінірек сол аймақта тағы екі жер дүмпулері тіркелді - магнитудасы 5,0 және 5,3. Олар Стамбулдың бірнеше аймағында да сезілді.

Бөлісу:
Ыстамбұлда қуатты жер сілкінісі тіркелді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар