Оқиға
1 мин оқу 30
Оралда алты жасар баланы жүк көлігі қағып кетті
<p style="text-align: justify;">Оқиға Орал қаласындағы Брусиловский көшесінде КамАЗ жүк көлігінің қатысуымен болған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. </p>

Қайғылы оқиға сәуірдің 21-і күні кешке орын алған. Полицейлердің мәліметінше, бала жолды тиісті емес жерден кесіп өткен.
«Бала түрлі дене жарақаттарымен облыстық көпсалалы балалар ауруханасына жеткізілді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», деп хабарлады Батыс Қазақстан облысының полиция департаментінен.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлағандай, бала бас-ми және әртүрлі дене жарақаттарын алған.
Бөлісу: