Маңғыстау облысында ерекше өсімдік табылды
<p style="text-align: justify;">Маңғыстау облысының Үстірт мемлекеттік табиғи қорығында Қызыл кітапқа енген сирек өсімдік табылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің мәліметінше, Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің аға ғылыми қызметкері А.Пулатов ғылыми-зерттеу жұмыстары барысында Қызыл кітапқа енген «Майда қатыран» өсімдігін кездестірді.
- Майда қатыран – сирек кездесетін, таралуы шектеулі түр. Тұран провинциясының эндемигі, реликт түр. Бұл өсімдік тұқым арқылы көбейеді. Сәуір-мамыр айларында гүлдеп, мамыр-маусымда жеміс береді, - делінген мәліметте.
Бұл өсімдіктің тіркелуі ботаника ғылымы үшін маңызды жаңалық және Үстірт өңірінің қайталанбас экожүйесін сақтау қажеттілігін көрсетеді. Қорық мамандары өсімдіктің таралу аймағын зерттеуді әрі қарай жалғастырады.