Аймақтар
2 мин оқу 20

Жылу желілері жөнделеді

<p style="text-align: justify;">Павлодарда жылу беру аяқталып, алдағы маусымға дайын&shy;дық басталды. Биыл өңірде 16,1 млрд теңгеге 31 ша&shy;қы&shy;рым&shy;нан астам желіні жаңарту жоспарланып отыр.</p>

Жылу желілері жөнделеді

Жалпы, өңірде 2024–2025 жылдарғы жылыту маусымы штаттық режімде өтті. Апаттық жағдайлар болған жоқ. Бұған негізінен қатты аяздардың болмауы оң әсер етті. Тұрғындардың жылуға қатысты шағымы 55%-ға азайған.

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруа­шылық басқармасының басшысы Ержан Иманзаиповтің мәлімдеуінше, өңір тұрғында­рын сапалы жылумен қамтама­сыз ету, сондай-ақ алдағы жылыту маусымында жылу желілеріндегі гидравликалық, температуралық режімдерді жақсарту мақсатында 16,1 млрд теңгеге 31 шақырым­нан астам желіні жаңарту жос­парланып отыр. Павлодарда № 5 сорғы стансасын салу, 5 км магистралдық жылу желілеріне, 10,6 км орам ішіндегі желілерге күрделі жөндеу жүргізу көз­делген. Екібастұзда ЖМ-2, ЖМ-7 қайта жаңартылады, жылу желілері күрделі жөндеуден өтеді. Ақсу қаласының № 3, №5, №8 шағын аудандарының орам ішіндегі жылу желілері қайта жаңартылып, жылу желілеріне күрделі жөндеу жүргізіледі.

Өңір басшысы Асайын Байханов №1 ЖЭО-дағы апаттық тоқтаулардың өсу динамикасына, Ақсудың РОК-2 жылу көзіндегі негізгі жабдықтардың тоқтауына байланысты параметрлердің төмендеуіне алаңдаушылық танытып отыр. Бұл түйткіл­дер өз кезегінде тұрғын үйлердегі жылу жетіспеушілігіне соқ­тырған. «ЕЭК» АҚ директоры, Ақсу МАЭС «Энергетика» дивизионының бас операциялық директоры Дүйсен Мерғалиев негізгі себеп ЖЭО-дағы №1, №5, №6 қазандықтарының апат­тық жөндеуге жиі шығуынан болғанын айтады. Осындай жағ­дайлардың қайталануын болдырмас үшін биыл №1 ЖЭО стансасын жөндеуге 13 млрд теңге бөлінді. Сондай-ақ негізгі қазандықтарды бүтіндеуден бөлек, РОК-2-нің қосалқы жабдығына қосымша 1,5 млрд теңгеге жөндеу жүргізілмекші.

Павлодар облысы 

Бөлісу:
Жылу желілері жөнделеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар