Елорда
1 мин оқу 31

Елордада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

<p style="text-align: justify;">Қаладағы кезекті жәрмеңке &ndash; Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеу қарсаңына тұспа-тұс келіп отыр, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Елордада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Түрлі өңірлердің жергілікті фермерлері және өндірушілері жеткізген көкөністер, жеміс-жидек, ет, ұн, сүт өнімдері және кондитерлік өнімдер, табиғи шырындар және т.б. ұсынылады.

Жәрмеңке осы сенбі-жексенбіде, яғни 26-27 сәуірде таңғы 10:00-ден кешкі 22:00-ге дейін Нұрғиса Тілендиев даңғылы 12а мекенжайындағы «Koktal» сауда-ойын-сауық орталығында өтеді.

«Бейбарыс Сұлтан көшесі, 23 («Рио-де-Жанейро» ТК қарама-қарсы) мекенжайында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі жұмыс істейді. Ол күн сайын сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін келушілер үшін ашық болады.

Келушілерге ыңғайлы болу үшін жәрмеңкеге мынандай автобус маршруттары өтеді: № 2, 32, 49, 50, 73. Бұл іс-шара өтетін жерге жылдам жету үшін маңызды», деп хабарланды Астана әкімдігінің ресми сайтынан.

Бөлісу:
Елордада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар