Өнер
1 мин оқу 30

Дубайды дүбірлетті

<p style="text-align: justify;">Жақында Роза Бағланова атындағы &laquo;Қазақконцерт&raquo; мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі Бірік&shy;кен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласына гастрольдік сапармен барды.</p>

Дубайды дүбірлетті

Өнер ұжымы халықаралық «InClassica International Music Festival» жобасы аясында беделді «Zabeel Theater» сахнасында классикалық музыка концерттерінің негізгі оркестрі ретінде өнер көрсетті.

Мәдени іс-шараға Қазақ мемле­кеттік симфониялық оркестрі­мен бірге Қазақстанның Еңбек Ері әйгілі скрипкашы Айман Мұсақо­жаева да қатысты.

Гастрольдік сапар еліміздің әлем­дік арена­дағы мәдени имиджін нығайтып, Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы дипло­матиялық байланысты күшейту мақса­тында ұйымдастырылып отыр.

«InClassica International Music Festival» музыкалық фестивалі – халықаралық жоғары деңгейдегі беделді жоба. Оған әлемнің түкпір-түкпірінен оркестрлер қатысып, клас­сикалық музыканың үздік әртіс­терімен бір сахнада өнер көрсетеді.

Айта кетейік, өнер ұжымы бұған дейін Мәдениет және ақпарат министр­лігінің қолдауымен Англия, Франция, Чехия, Италия, Германия, Аустрия, Ресей, Оңтүстік Корея, Түркия, Жапония елдерінің үздік концерттік залдарында өнер көрсеткен болатын. Сондай-ақ оркестр классикалық музыкаға арналған көптеген халықаралық фестивальге қатысып келеді. Осы уақыт аралы­ғында симфониялық оркестр еліміз бен шетелдерде көрерменнің ыстық ықы­ласына бөленіп, кәсіби мамандардың жоғары бағасына ие болып жүр.

Маржан ҚУАТҚЫЗЫ 

Бөлісу: