Іленің бойын тазартты

<p style="text-align: justify;">Іле өзенінің маңы &ndash; табиғаты көркем, туристер жиі баратын аумақ. Алайда кейінгі жылдары бұл аймақ демалыс орны емес, бейберекет шашылған қоқыстың ортасына айналды. &laquo;Көшпелілер қаласы&raquo; мен &laquo;Тамғалы тас&raquo; шатқалының маңында пластик бөтелкелер, дорбалар, консерв қалдықтары мен құрылыс материалдары үйіліп жатыр. Жауапсыз демалушылар мен бақылаусыздықтың кесірінен Іле экожүйесіне нақты қауіп төніп тұр.</p>

Іленің бойын тазартты

Осыған орай «Amanat» партиясының қа­тысуымен Алматы облысында «Таза Қазақстан» ак­циясы аясында ауқымды эколо­гиялық сенбілік ұйым­дастырылды. 600-ге жуық адам жұ­мылдырылған тазалық шара­сының нәтижесінде өзен жа­ғасынан 30 тоннадан астам қоқыс жиналды.

Жиналған қалдықтардың басым бөлігі – пластик, шыны бөтелкелер, тағам қалдықтары, құрылыстық, тұрмыстық қал­дықтар. Бір күндік шарамен мәселе шешілмейді. «Amanat» партиясы бұл түйткілді об­лыстық экологиялық кеңесте жүйелі түрде көтеруді жоспарлап отыр. Партия бастамасымен туристік аймақтарға арнайы мәртебе беру, қоқыс алаңдарын орнату, бейнебақылау енгізу, құқық бұзушыларға әкімшілік жаза қолдану тетіктері ұсыныл­мақ.

«Біз табиғат ластанғаннан кейін емес, ластанбай тұрып әрекет етуіміз керек. Қазір Іле бойындағы жағдай – ескерусіз қалған аумақтың нақты көрінісі. Өзен жағасы қоқысқа көміліп жатыр. Демалушылар артынан ештеңе жинамайды. Қазан-ошақ пен тағам қалдықтары өзенге ағып, қоршаған ор­таға тікелей зиян келтіріп отыр. Егер жүйелі шешім қабыл­данбаса, жақын арада бұл жер қайтадан қалдық астында қалады. Мәселе – қоқыстың көле­мінде емес, жүйесіздікте. Бұл аумақта инфрақұрылым аты­мен жоқ. Қоқыс жәшігі де, бақылау да, жауапты мекеме де қа­растырылмаған», деді парт­ияның Алматы облыстық филиа­лының төрағасы, облыс­тық мәслихаттың төрағасы Қуат Бай­ғожаев.

Бұл іске волонтерлер де белсене қатысты. «Amanat» пар­тиясының «Жастар рухы» жас­тар қанатының төрағасы Медет Бекбергенов: «Жалпы, табиғатқа жанашырлық – ниет қана емес, нақты жүйелі саясатқа айналуға тиіс. Бүгінгі экоакцияға облыс әкімінің өзі бастап, мем­лекеттік қызметкерлер, ерік­тілер, қоғам белсенділері мен «Amanat» партиясының мүше­лері қатысты. Волонтерлер бұл мәселемен алғаш рет бетпе-бет келіп отырған жоқ. Былтыр өз күшімізбен осы аумақтан 10 тоннадан астам қоқыс жинадық. Бірақ бізден кейін тағы да бәрі сол қалпына түсті. Бұл – бір реттік сенбілікпен шешілетін мәселе емес. Табиғатты қорғау жүйелі бақылау мен нақты инфрақұрылымды қажет етеді. Біз қанша тазаласақ та, қоқыс тас­­тауды тоқтатпайынша нәти­же болмайды», дейді.

Айта кетейік, экологиялық шаралар Іле өзенімен шек­телмейді. Облыстың 373 елді ме­кенінде 80 мыңнан астам адам­ның қатысуымен 38,9 мың түп ағаш отырғызылып, 120 ақпараттық түсіндіру, 150 санитарлық тазалау шарасы өткізілді.

Алматы облысы 

Бөлісу:
Іленің бойын тазартты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар