Әлем
1 мин оқу 80
Иранның оңтүстігіндегі портта жойқын жарылыс болды
<p style="text-align: justify;">Бендер-Аббастағы Шахид Раджаи портында жарылыс болды, деп хабарлайды IRNA.</p>

Соңғы мәліметтер бойынша жарылыс салдарынан зардап шеккендер саны 406 адамға жетті.
— Бендер-Аббастағы Шахид Раджаи портындағы қуатты жарылыстан кейін жедел жәрдем қызметі дереу дайындық күйіне келтірілді. Қазіргі уақытта ауруханаларға 406 зардап шегуші жеткізілді, — деді елдің Жедел жәрдем ұйымының өкілі.
Порттағы жарылысқа байланысты кеден қызметі Шахид Раджаи портындағы жарылыс Порттар және теңіз жүзу ұйымына қарасты «Сина» контейнер алаңында болғанын хабарлады.
Бөлісу: