Төтенше жағдай
1 мин оқу 60
Алматыда түнде қонақүй өртенді: өрт сөндірушілер 100 адамды эвакуациялады
<p style="text-align: justify;">27 сәуірге қараған түні Алматыдағы қонақүйлердің бірінде өрт шықты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады. Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, өрт Бостандық ауданындағы қонақүй бөлмелерінің бірінде тұтанған.
– Өрт сөндірушілер шақыру түскен сәттен бастап 35 минут ішінде өртті сөндірді. Нақты деректерге сәйкес, Бостандық ауданындағы Манас көшесінде орналасқан төрт қабатты қонақүйдің жатақханаға бейімделген бірінші қабатындағы бөлмеден өрт шыққан, – делінген хабарламада.
ТЖМ күштері баспалдақпен 100 адам эвакуациялағаны белгілі болды.
Бөлісу: