Экология
1 мин оқу 40
Қарағайлы орман өсетін болады
<p style="text-align: justify;">Петропавл қаласының жанындағы Борки шағын ауданындағы «Мещан орманы» аталатын орман алқабына облыстық табиғат ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының ұйымдастыруымен 15 мың түп қарағай көшетін отырғызу басталды. </p>

«Бүкілқазақстандық орман отырғызу» күніне арналған бұл шараға басқарма 200-дей адамды тартып, 1,5 гектар алқапты қарағайдың көшетіне қаптатты. «Бірер жылда құнарлы жерге отырғызылған көшеттер қаулап шыға келіп, қарағайлы орман қалпына келеді», дейді басқарма басшысы Т.Исманов.
ПЕТРОПАВЛ
Бөлісу: