Әлем
1 мин оқу 40

Путин Солтүстік Корея сарбаздарына алғыс айтты

<p style="text-align: justify;">Солтүстік Корея алғаш рет өз әскерінің Ресейге жіберілгенін ресми түрде растады. Бұл туралы 28 сәуір күні Кореяның Орталық телеграф агенттігі (KCNA) мәлімдеді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Путин Солтүстік Корея сарбаздарына алғыс айтты

Пхеньян ресми түрде әскер жіберу туралы шешімді КХДР басшысы Ким Чен Ын қабылдағанын және бұл шешім Солтүстік Корея мен Ресей арасындағы кешенді стратегиялық серіктестік туралы келісімге негізделгенін хабарлады. Ким Чен Ын Пхеньянда КХДР сарбаздарының ерліктеріне арналған ескерткіш орнатылатынын да мәлімдеген.

Айта кетейік, Солтүстік Корея Мәскеудің Украинадағы соғысына қолдау көрсету мақсатында шамамен 14 мың сарбаз жіберген. Алайда ұрыс алаңында көп шығын болғандықтан, Пхеньян Ресейге қосымша 3 мың жауынгер жөнелткен.

Ресей президенті Владимир Путин 28 сәуір күні Солтүстік Корея сарбаздарының Курск облысындағы ұрыстарға қатысуына алғаш рет пікір білдіріп, Ким Чен Ынға және Солтүстік Корея халқына ризашылығын білдірді.

Бөлісу:
Путин Солтүстік Корея сарбаздарына алғыс айтты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар