Қоғам
2 мин оқу 40

Тұлға туралы толғау

<p style="text-align: justify;">&laquo;Astana Eurasian Book Fair 2025&raquo; халықаралық кітап жәрмеңкесі аясында Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сауытбек Абдрахмановтың &laquo;Корифей&raquo; атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Аталған кітап &ndash; Мәскеудегі &laquo;Художественная литература&raquo; баспасынан жарық көрген, Қазақстанның Еңбек Ері, Халық жазушысы Әбіш Кекілбаевтың шығармашылығына арналған.</p>

Тұлға туралы толғау

Салтанатты жиынға «Худо­жествен­ная литература» баспасының бас редакторы Георгий Пряхин, мемлекет және қоғам қайраткерлері Қуаныш Сұл­танов, Қырымбек Көшербаев, Ералы Тоғжанов, Орталық сайлау комис­сиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров, генерал Владимир Божко, филология ғылымдарының докторы Әсима Ишанова, сондай-ақ әдебиет­сүйер қа­уым мен жас оқырман қатысты. Басы­лымның таралымы – 1 000 дана.

Жаңа туынды ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғы сөзі­мен бас­талады. Мемлекет басшысы Әбіш Ке­кілбаевпен ұзақ жылдар Се­нат­та қатар жұмыс істегенін, оны аса жоғары құрметпен қабылдағанын тебірене еске алады. Президент бұл жылдарды өзінің өміріндегі бақытты кезең ретінде сипаттап, жазушының дана­лығына, тұлғалық биігіне бас ие­тінін жеткізеді.

Сондай-ақ алқалы жиында мемлекет және қоғам қайраткері Қырымбек Кө­шер­баев сөз алып, абыз қаламгер туралы кеңінен толғады.

«Мәскеуде Қазақстанның елшісі қызметінде жүргенімде Әлемдік әде­биет институтының директоры Феликс Кузнецовпен жақсы араласып едім. Сол кісі бір сөзінде «Әуезов – қазақ әде­­бие­тінің кеңдігінің, Кекілбаев –терең­дігінің өлшемі» деген болатын. Мық­­тылардың бір-бірін мойындауы оңай болмайды. Әйтсе де Әбіш ағаны мойындамау мүмкін емес еді. Мен Әбемен – әдебиетіміздің классигі Әбді­жәміл Нұрпейісовпен қазақы­лық жағынан жақын адаммын, оған қоса ағайындығымыз тағы бар. Еркін сөйлесе беретінмін. Бір жолы әзіл-шынын араластырып: «Нұрпейісов те мықты, Ке­кіл­баев та мықты. Әйтсе де қайсысы мық­тырақ?» деп сұрақ қой­ғанмын. Әбең ойланып отырды да: «Әй, ол бұй­рабасқа жету қайда?!» деп еді», деді Қы­рымбек Көшербаев.

Кітапта Әбіш Кекілбаевтың сан қырлы болмысы кеңінен ашылып, қалам­гердің рухани тереңдігі мен адам­гер­шілік қасиеттері сипатталады. Жазу­шы, драматург, ақын, тарихшы, саясаткер, философ, әдебиет­танушы, пуб­лицист – бұл тек Әбіштің бойындағы қасиеттердің бір парасы ғана. Автор оны «дала даналығынан» нәр алған, зама­нының феномені деп сипаттайды. Автор өз естеліктерінде Әбіш Кекілбаев­тың адами қасиеттеріне де ерекше тоқталады.

Кітаптың орыс тілінде жарық көруі – Әбіш Кекілбаевтың шығарма­шылығын жаңа аудиторияға танытуға мүмкіндік береді. Оның еңбектері бұған дейін ағылшын, француз, араб, түрік, чех, өз­бек, қырғыз, тәжік тілдеріне ауда­­рыл­ған.

Бөлісу:
Тұлға туралы толғау · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар