Аймақтар
1 мин оқу 40

Инвестиция экономиканы нығайтады

<p style="text-align: justify;">Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспековтің төрағалығымен өңірдің инвестициялық ахуалын жақсарту әрі кәсіпкерлерді тарту мәселелері аясында кеңес өтті.</p>

Инвестиция экономиканы нығайтады

Кеңеске өңірдегі ірі инвесторлар мен кәсіпкерлер қатысты. Олардың қа­тарында «Қазақмыс» корпорация­сы, «Сарыарқа Энерджи» және «SEPMEM» қытайлық компаниясы бар.

Жиын барысында облыс әкімі инвестиция экономиканың қозғаушы күші екенін айтып, бұл бағыттағы жұмысты жандандыру қажеттігін атап өтті.

Кеңес барысында «Сарыарқа Энерджи» компаниясы 7 млрд теңге көлемінде инвестиция құйып, өңірде көмірді байыту фабрикасын салуды жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Компания өкілі Олег Грицай жоба туралы жан-жақты баяндап, оның іске асырылу мерзімі мен экономикалық тиімділігіне тоқталды.

Сондай-ақ «SEPMEM» компания­сы облыс аумағында 10 млрд теңге көлеміндегі инвестициялық жоба – табиғи газды сұйылту зауытын салу бастамасын ұсынды. Компания өкілі Янг Мин зауыттың техникалық ерекшеліктері мен өңір экономикасына әкелетін пайдасы туралы баяндама жасады.

– Біз инвесторлардың Ұлытау облысының экономикасына қосқан үлесін жоғары бағалаймыз. Барлық бастаманы қолдауға дайынбыз. Инвесторлар көтерген мәселелер жан-жақты қарастырылып, оларды шешу жолдары пысықталатын болады, – деп облыс басшысы әкімдер мен тиісті басқарма басшыларына осы бағыттағы жұмысты күшейтуді әрі қатаң бақылауды тапсырды.

Ұлытау облысы 

Бөлісу:
Инвестиция экономиканы нығайтады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар