Білім
1 мин оқу 30
10 мыңнан астам оқушы пән олимпиадасында бақ сынайды
<p style="text-align: justify;">Бүгін жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың III облыстық кезеңі басталды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Олимпиадада аудандық және қалалық кезеңдерден іріктелген 10 758 оқушы жүлдеге таласады.
Бүгін білім бәйгесі жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша өтіп жатыр. Ал 30 сәуір күні балалар қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер негізінде білімін сынайды.
Осы кезең үздіктері 18-21 мамыр аралығында Астана қаласында өтетін респубикалық олимпиадаға жолдама алады.
Бөлісу: