Ұлытау облысында ағаш егу акциясы өтті
<p style="text-align: justify;">«Таза Қазақстан» акциясы аясында өткізілген кең ауқымды экологиялық шараны Дін істері басқармасы өткізіп, оған облыстағы барлық діни бірлестіктердің басшылары қатысты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні» қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті арттыру, жас ұрпақты табиғатты аялауға дағдыландыру мақсатында ондаған ағаш көшеті отырғызылды.
Шараға қатысқан Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Зина Ақылбекова:
«Бүгін отырғызылған әрбір тал - ұрпаққа аманат. Бұл тек көгалдандыру ғана емес, табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Ағашты егу - игі іс, ал оны күтіп, сақтай білу - ортақ жауапкершілік», — деп атап өтті.