Қоғам
1 мин оқу 0

Қарағандыда жұмыссыздар азайып келеді

<p style="text-align: justify;">Аймақта жастардың жұмыссыздық деңгейін төмендету бойынша бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Жастар саясаты мәселелері басқармасының мәліметінше, өткен жылдың соңында өңірде NEET санатында 9 637 адам болса, бүгінгі таңда &ndash; 8 383. Дерекқорды өзектендіру және жұмыссыз жастарды анықтау жұмыстары жалғасуда.</p>

Қарағандыда жұмыссыздар азайып келеді

– Облыс қалалары мен аудандарында “Жастар тәжірибесі”, “Бірінші жұмыс орны”, “Қоғамдық жұмыстар”, “Әлеуметтік жұмыс орны” мемлекеттік бағдарламаларына қатысу мүмкіндіктері туралы ақпарат кең көлемде таратылуда, – дейді басқарма басшысы Айсұлу Ерниязова.

Жастар заңгерлік және психологиялық кеңестерді де тегін ала алады. Сондай-ақ, 16 мамырда облыста бос орындар жәрмеңкесі өтеді деп жоспарланған.

Қарағанды облысы

Бөлісу:
Қарағандыда жұмыссыздар азайып келеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар