Атырау тұрғыны құлдықта болған ба? Полиция мәлімдеме жасады
<p style="text-align: justify;">Әлеуметтік желіде Атырау тұрғынының құлдықта болғаны туралы видео тараған еді. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, осы ақпаратқа байланысты тексеру жүргізілді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Полиция қызметкерлерінің тексеруі кезінде 54 жастағы ер адамның құлдықта болғаны анықталмаған.
«Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа байланысты жедел анықтау-тексеру жүргізілді. Соның нәтижесінде 1971 жылғы ер адамның еш жерде мәжбүрлі түрде немесе құлдықта болғаны расталмады. Полиция қызметкерлері аталған азаматтың тұрғылықты мекен-жайына барып, туыстарымен әңгімелесті. Әлеуметтік желідегі ақпараттың жалған екені белгілі болды», делінген департаменттің хабарламасында.