Алматы
1 мин оқу 50

Алматыда демалыс күндері ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді

<p style="text-align: justify;">Алматыда алдағы демалыс күндері, яғни 2- 4 мамыр аралығында сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін Алматы облысы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтеді,&nbsp;деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ақпарат агенттігі.&nbsp;</p>

Алматыда демалыс күндері ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді

Алматы мен Алматы облысының 318 фермері мен ауыл шаруашылығы өндірушілері жәрмеңкеде халыққа 900 тоннаға дейін азық-түлік тауарларын сатуды жоспарлап отыр.

— Оның ішінде ет өнімдері — 390 тонна, жеміс, көкөніс өнімдері — 400 тонна, сүт өнімдері — 50 тонна, жұмыртқа, шұжық және бал — 30 тонна, басқалары — 30 тонна, - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Жәрмеңкелер 3 және 4 мамырда (сенбі және жексенбі) сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін қаланың төрт ауданында өтеді: 

  • Алмалы ауданы-Масанчи көшесі (Әйтеке би көшесі мен Гоголь көшесі арасында); 
  • Әуезов ауданы — Өтеген батыр көшесі (Абай даңғылынан төмен);
  • Бостандық ауданы — ш/а. Қазақфильм (әл-Фараби даңғылынан жоғары);
  • Медеу ауданы — Меңдіқұлов бульвары-Бектұров көшесі. 

Жәрмеңкеде әлеуметтік маңызы бар өнімдер нарықтық құннан 15-20%-ға төмен сатылады. 

Бөлісу:
Алматыда демалыс күндері ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар