Қоғам
1 мин оқу 50

Алматыда пәтер тонап жүрген күдікті қолға түсті

<p style="text-align: justify;">Алматыда пәтер тонады деген іс бойынша күдікке ілінген ер адам ұсталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Алматыда пәтер тонап жүрген күдікті қолға түсті

Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Талант Исаевтың айтуынша, ұсталған азамат күндіз пәтерде иелері жоқ кезде, емін-еркін кіріп кетіп жүрген. Ол бүгінге дейін кем дегенде 5 пәтерді тонады деген күдікке ілінді.

Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын 800 мың теңгеден асады.

«Оқиға орнында күдіктіден айғақты заттар тәркіленді. Оның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Тергеу жалғасуда», - деді Талант Исаев.

Бөлісу:
Алматыда пәтер тонап жүрген күдікті қолға түсті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар