Қорғаншылық органдары жеке басқарма болып құрылады
<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Үкімет жергілікті атқарушы органдардың базалық құрылымына Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі басқармалар мен бөлімдерді енгізу туралы шешім қолдады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></span></p>

Қорғаншылық органдары жергілікті атқарушы органдардың қолданыстағы штаттық шегі аясында құрылады. Белгіленген нормативке сәйкес, әрбір 5 мың балаға кемінде бір маман тағайындалады.
«Бұл бастама арқылы балалардың толыққанды қамқорлықта болуын қамтамасыз етуге бағытталған жүйе негізін құру көзделуде. Осы ретте Оқу-ағарту министрлігі қорғаншылық органдарының мамандарына арналған оқыту тренингтерін ұйымдастырып жатыр», делінген министрлік хабарламасында.